17 тамыз 2023 | 12:21

Маңғыстауда 7 миллиард теңгенің "алтын учаскелері" мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маңғыстауда 7 миллиард теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда 7 миллиард теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша биыл мемлекетке құны 7 миллиард теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскелері, оның ішінде "Алтын учаскелер" деп аталатын жерлер қайтарылды.

"Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 миллиард теңге болатын 255,5 гектар 6 жер телімдері қайтарылды. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 миллиард теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген", - делінген хабарламада.

Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20 пайыздан - дан аз).

"Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети