Маңғыстауда әкімдер мен орынбасарлардың жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда әкімдер мен орынбасарлардың жалақысы қанша? © youtube

lada.kz журналистері Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай және оның орынбасарлары айына қанша табатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

lada.kz журналистері Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай және оның орынбасарлары айына қанша табатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір шенеуніктерінің ай сайынғы жалақысы мөлшері туралы деректерді Ақтау және Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынды.

Облыс әкімдігінің ресми сауалға берген жауабында Серікбай Трұмов 2020 жылы облыс әкімі лауазымында барлық төлемдерді ескере отырып айына 780 116 теңгеден тапқаны хабарланған.

Сондай-ақ, журналистер облыс әкімі орынбасарларының жалақысын сұраған, бірақ баспасөз қызметі шенеуніктердің табысы туралы ақпарат бермеді.

Ақтау басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың жалақысына келетін болсақ, ол 2020 жылы ай сайын 441 074 теңге алған.

Бұл ретте қала әкімінің қарамағындағылар басшысынан көбірек табыс тапқан. Мысалы, қала әкімі аппаратының басшысы Атлас Төлегенова 2020 жылы ай сайын 503 416 теңгеден алған. Ал қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман айына - 505 914 теңге.

Әкімнің қалған орынбасарлары - Мәлік Әбдіқадыров, Ербол Ізбергенов және Әбілқайыр Байпақов ай сайын 477 277 теңге көлемінде жалақы алып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети