Маңғыстауда ауысатын газ құбырының үстінен жол төселген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда ауысатын газ құбырының үстінен жол төселген Сурет: lada.kz

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы көшелердің бірінде жол төсеу барысындағы орын алған келеңсіздікке байланысты Түпқараған аудандық әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы көшелердің бірінде жол төсеу барысындағы орын алған келеңсіздікке байланысты Түпқараған аудандық әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 18:30 шамасында ауылішілік жол құрылысымен айналысушы мердігер мекеме "Бек-АқтауГазСнаб" ЖШС тарапынан жұмыс аяғында бақылаушы жауапты тұлғаның болмауына байланысты алдағы уақытта ауыстырылуға жататын газ құбырының үстінен асфальт жолын төсеп кеткен.

"Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеткізгеновтың газ құбырының қорғау аймағына жататын 5 метр (екі жағынан 10 метр) жерді қалдырып кету туралы алдын-ала ескертуіне қарамастан, мердігер мекеме тарапынан өрескел қателікке жол берілген. Осыған байланысты мердігер мекеме сол түні төселген асфальт жабындысын алып тастады.

Мердігер мекеме кеткен қателіктері үшін жауапкершілікті толығымен өз мойындарына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-тың алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Ауылішілік жолдың аталған бөлігін асфальттау газ құбырын ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети