Маңғыстауда биыл сегіз мыңға жуық жас буын жұмыспен қамтылды

08 Желтоқсан 2019, 17:11
0
Маңғыстауда биыл сегіз мыңға жуық жас буын жұмыспен қамтылды -

Маңғыстау өңірінде 14-29 жас аралығында 145 657 жас бар, ол облыс халқының 23 пайызын құрайды. Оның ішінде – 70 174 қалалық, 75 483 ауылдық жастар.

Еңбек бағдарламасы бойынша биыл жұмыспен қамтылғандар саны 7881 жас болды.

Сонымен қатар, жас мамандарға арналған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 384 жас ауылдық жерлерге жұмысқа тартылып, оларға көтерме ақы төленіп, 309 жас маманға тұрғын үй алуға несие берілді.

Маусымдық "Жасыл ел" жобасы бойынша биыл 1228 жас ауылдық елді-мекендерді абаттандыруға атсалысты.

"Кеңес алаңы" жобасы аясында 9 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қала, аудан аумағында орналасқан 21 кәсіпорын мен мекемелер қатысып 365 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңеке 300-ге тарта жастар қатысты.

Өңірде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан "Жас кәсіпкер" жобасы жүзеге асырылып келеді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 2019 жылы 516 адам жолданып, 492 адам арнайы сертификатқа ие болды. Бағдарлама бойынша тәлім алып, жобаларын қорғап шыққандар 505 мың теңге гранттық байқауға қатысуға мүмкіндік алып, нәтижесінде 141 адам жалпы сомасы 71 млн 205 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік грант жеңіп алды.

Сонымен қатар, республикалық "Бастау бизнес" жобасы арқылы 295 жас кәсіпкерлік машықтарын меңгерді. Оқып шыққан жастар бизнес жобаларын қорғап, әрі қарай кәсібін ашуға мүмкіндік алды.

Биылғы жылы облыста "Zhas Project" жобасы қарқынды іске асырылды. Жоба аясында Маңғыстау облысы республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш, яғни 285 жоба іске асырылып, 566 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз инвестиция берді.

Жоба нәтижесінде өңірде ет және сүт өнімдерін өндіру, жылыжайлар мен құс фермасы бойынша 93 шағын шаруашылық, 26 білім беру орталықтары, 17 демалыс орталығы мен шығармашылық үйірмесі, 19 спорт орталығы мен фитнес клубы, 24 наубахана мен кондитерлік, 29 тігін және аяқ киім шебарханасы, 5 сұлулық салоны қызметтерін бастады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай