Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңес Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Оралбаеваға қатысты "қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде" тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным енгізді.
"Оралбаева өздігінен Басқарма басшысының рұқсатынсыз 2 күн жұмыста болмаған. Cондай-ақ, ол басшысының қолы қойылмаған өтініш қалдырған. Оралбаева онда еңбек демалысында алмаған екі күнін енді алуды сұрайды. Бірақ Оралбаеваның айтуынша, басқарма басшысы Бапиевтың ауызша рұқсаты бар", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Алайда басқарма басшысы өз кезегінде мұны жоққа шығарған.
"Мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде қандай да бір шешімнің қабылданғанына көз жеткізбестен қызмет орнында болмау әрекеті Әдеп кодексінің 5 тармағы 11) тармақшасындағы қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға делінген талаптардың бұзылуына әкеледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.