Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе және Дәулет ауылдарының тұрғындары шенеуніктер көмегінен үміт үзіп, жолды өздері жөндеуді ұйғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе мен Дәулет деген екі ауылды байланыстыратын жолдың бір бөлігі әлдеқашан жарамсыз болып қалған. Жыл басынан бері тұрғындар жергілікті әкімшілікке қайта-қайта жүгінгенімен, нәтиже жоқ.
Тұрғындар өз қаражатына жол жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарған. Олар 280 мың теңге ақша жинап, оған асфальт сатып алып, арнайы техника жалдап, 20 метрге жуық жолға асфальт төсеген.
Аудан әкімдігі жол жөндеу жұмыстары жоспарланғанын хабарлады.
"Аудандық жолдардың 91 шақырымын күрделі жөндеу жоспарланған. Мердігер компаниямен 21 миллион теңгеге келісім жасалады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары толығымен дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Ол аяқталған соң қаржы аламыз, одан кейін жөндеу жұмыстары басталады", - деді аудан әкімдігі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!