Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына өңірдегі коммуналдық қызметтер тарифтері туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыста электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтердің қалыптасуы, сондай-ақ энергетикалық қызмет нарығында баға белгілеуді бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметі талқыланды.

Маңғыстау облысында қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша нақты шаралар қабылданды. Биылғы 1 қыркүйектен бастап Ақтау қаласы бойынша электр беру тарифі 187 мың адамды қамтуымен 26 пайызға төмендеді. Бұдан басқа, биылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын өндіру тарифі 671,3 мың тұрғынды қамтумен 8 пайызға төмендеді. Екі энергия беруші компанияның электр энергиясын жеткізу схемасынан алып тастау арқылы Ақтау қаласының қала маңы бойынша тариф 5 мың адамды қамти отырып, 17 пайызға төмендеді. Нәтижесінде барлық облыс бойынша электр энергиясына тарифтің жалпы төмендеуі орта есеппен 17 пайыз болған.
"Прокуратура органдары "МРЭК" АҚ үшін 8,4 миллиард теңге сомасына еңбекақы қоры мен қарыз сыйақысы шығындары бөлігінде электр қуаты тарифының негізсіз бекітілуі бойынша облыстық монополияға қарсы Департаментке қатысты талап арыз берді (еңбекақы төлемдері қоры 1,9 миллиард теңге және қарыз сыйақысы 6,5 миллиард теңге). Талап қанағаттандырылған жағдайда, облыстың барлық тұрғынына тариф 20-30 пайызға төмендейді. 2018 жылға 1 кВт/сағ үшін 2,32 теңгеден 1,74 теңгеге дейін; 2019 жылға 2,49 теңгеден 2,06 теңгеге дейін; 2020 жылға 2,66 теңгеден 2,18 теңгеге дейін", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық шағын Электржелілік компанияларды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл электр энергиясының тарифін орташа есеппен 7 пайызға 16,85 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 15,74 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, "МЭБК" АҚ Электржелілік компаниясының алдына 9,2 миллиард теңге сомасына Электрмен жабдықтаудың жаңа желілерін салуды есепке ала отырып, инвестициялық бағдарламаны қабылдау міндеті қойылды.