Маңғыстауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды © ktk.kz

Маңғыстау облысында жедел жәрдемнің ондаған қызметкері жұмыссыз қалды. Жаппай жұмыстан шығару фельдшерлер мен жүргізушілердің ереуілінен кейін басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында жедел жәрдемнің ондаған қызметкері жұмыссыз қалды. Жаппай жұмыстан шығару фельдшерлер мен жүргізушілердің ереуілінен кейін басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердің орнына адам табылып қойған. Бір аптадан аса уақытқа созылған митингілерді сот заңсыз деп таныды.

Жұмысқа шыққысы келмегені үшін Жаңаөзен қаласында 11 адам, Мұнайлы ауданында тағы сегіз адам жұмыстан шығарылған.

Тағы 25 фельдшер мен 13 жүргізуші өз еркімен өтініш жазған. Оларға ойланып, ойын өзгертуге уақыт берілді. Бірақ дәрігерлер жұмысқа оралмаған. Нәтижесінде көбінің орнына адам табылғаны айтылды.

Жаңаөзен қаласында қазірдің өзінде 15 жүргізуші мен тоғыз фельдшер жұмысқа қабылданған. Мұнайлы ауданында – алты жүргізуші мен фельдшер. Денсаулық сақтау басқармасы өңірде жедел жәрдем көліктерінің жұмысы жолға қойылғанын айтады. Жергілікті бюджеттен жалақыға қосымша 236 миллион теңге бөлінген. Жыл аяғына дейін жүргізушілерге 90 мың теңге, фельдшерлік қызметке 40 мың, медбикелерге 30 мың теңге қосымша жәрдемақы төлеуге уәде беріп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети