16 мамыр 2022 09:12

Маңғыстауда итбалықтар өлексесі әлі де табылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатты соққан жел итбалықтардың қатты ыдыраған өлекселерін Каспий теңізінің жағалауына шығарып тастады. Мамандар барлығы 64 өлексені тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Lada.kz.


Қатты соққан жел итбалықтардың қатты ыдыраған өлекселерін Каспий теңізінің жағалауына шығарып тастады. Мамандар барлығы 64 өлексені тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Форт-Шевченко теңіз порты аймағында Урдюк мүйісінен Баутино шығанағына дейінгі жағалауда итбалық өлекселері табылды.

Бұл дерек бойынша әкімдік экологтармен бірлесіп жұмыс тобын құрып, аумақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Толық тексеру барысында өлген итбалықтардың жалпы саны есептелді - 64, сондай-ақ бес бекіре балығы табылды.

"Жағаға итбалықтар мен балықтардың өлекселері шығуы бір күн бұрын соққан оңтүстік-батыс желінің салдарынан болды. Олар қатты ыдырап, шіріп жатыр. Зертханалық зерттеу жасау үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқыш камерасына қойылды. Сондай-ақ, су мен ауа сынамасы да алынды", - деді Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының өкілдері.

26 сәуірден бері Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылып жатыр.

Мамырдың басында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазірдің өзінде жағадан 100-ге жуық жануардың өлексесі табылғанын айтқан.

"Итбалықтардың өліміне байланысты мамандар оқиға 3-4 ай бұрын болуы мүмкін дейді. Бұл қыс мезгілі, әлі мұз ерімеген кез. Сондықтан өлексе сақталған. Олар мұзда болды. Мұз ерігеннен кейін, майдың әсерінен қалқып, жел жағаға шығарған", - деген еді ол. 

Сондай-ақ, ол жануарлардың қырылуы мен NCOC компаниясының Солтүстік Каспийдегі жұмыстары арасындағы байланысты жоққа шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети