10 желтоқсан 2018 | 14:09

Маңғыстауда жалпы құны 266 миллиард теңге болатын 81 жоба жүзеге асырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы, елбасының жолдауын іске асыру және бес әлеуметтік бастамасы бойынша жұмыстардың нәтижелеріне жайында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы, елбасының жолдауын іске асыру және бес әлеуметтік бастамасы бойынша жұмыстардың нәтижелеріне жайында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 98,6 пайыздан 103,4 пайызға дейін өсті, өнеркәсіп өнімінің көлемі - 101,1 пайыз болды, бұл республикада өндірілген өнімнің 11 пайызы. Өңірде өнеркәсіп саласының тұрақты өсу деңгейі сақталып, индустриализация картасы іске қосылғаннан бері аталған сектордың жалпы өндірістегі үлесі 4 пайыздан 8 пайызға дейін өсті. Есепті кезеңде өндіру көлемі 111,4 пайыз (195 миллиард теңге) болды.

"Өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұлғайтудың бірден-бір жолы - жергілікті қамтуды дамыту. Негізгі резерв - өңірдегі мұнай компанияларының сатып алулары. Мысалы, 2017 жылы облыста мұнай компаниялары 1,7 триллион теңгеге жүргізілген сатып алулардың 30 пайызын немесе 500 миллиард теңгенің тауарларын сырттан сатып алды. Осы бағытта бірінші "пилот" - "Өзенмұнайгаз" компаниясы үшін ресей өндірушілерімен бірлескен мұнай насостарын шығару жобасы. Цех "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында салынады, құрылысқа тартылатын инвестиция көлемі 500 миллион теңге", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылы 81,7 пайыздан 107,2 пайызға (417 миллиард теңгеге) дейін өсті. Жалпы облыстың инвестиция портфелінде жалпы құны 266 миллиард теңге болатын 81 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Тұрғын-үй құрылысы бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды (жоспар - 916 мың шаршы метр). Бүгінде 945 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді, өсім - 139,7 пайыз. Жылдың соңына дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.

"Облыста "7-20-25" бағдарламасының шеңберіндеоблыс орталығында 22 жеке құрылыс компаниялары 2300 пәтерлік 15 тұрғын үй кешенінің құрылыстарын жүргізуде. Екінші деңгейлі банктер 371 өтінімді қарап, 1,9 миллиард теңгеге 235 несиені мақұлдады. Жыл соңына дейін "7-20-25" бағдарламасы бойынша 500 пәтер тапсырылады", - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети