16 тамыз 2022 10:34

Маңғыстауда жедел жәрдем қызметкерлері митингіге шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ғимараты алдында жедел жәрдем қызметкерлерінің митингі өтті. Ақтау мен облыстың басқа да аймақтарынан келген фельдшерлер мен жүргізушілер жалақыны 40 мың теңгеге көтеруді талап етті. Олар бұған дейін мұндай соманы қосымша төлем ретінде алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі жедел жәрдем қызметкерлерінің орташа жалақысы - 90 мың теңге.

"90 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады? Осыны айта аласыз ба? Бәрі қымбаттап жатыр, тамақ қымбаттап жатыр, заттар қымбаттап жатыр. Айлығымызды көтерсін, біз сол үшін келдік. 2020 жылы жалақымыз 43 мыңнан 51 мыңға көтерілді. Сосын қосымша ақы берді. Қазір жалақы - 90 мың. Біздің жұмысымыз өзгерген жоқ. Олар зияндылығы, коронавирус үшін бір тиын да төлемейді", - дейді фельдшер Нағима Сәлібекова.

Жедел жәрдем қызметкерлері митинг туралы алдын ала ескерткен. Бірақ шенеуніктер мәселені шешу үшін көбірек уақыт қажет екенін айтып отыр. Медицина қызметкерлерінің жалақысы республика бойынша бірдей, мұндай мәселелер жергілікті жерде шешілмейді.

Митингке 60-тан аса адам жиналған. Жедел жәрдем қызметкерлері және жүргізушілермен келіссөз бірнеше сағатқа созылған. 

"Еңбекақыға келетін болсақ, жұмысшылардың талабы фельдшерлер үшін 40 мың теңге, жүргізушілерге 90 мың теңге қосымша төлемді тоқтатпау. Бұл мәселе толығымен шешілді. Қаржыны төлеу жалғасады", - деді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети