Маңғыстауда қараусыз қалған бункер табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда қараусыз қалған бункер табылды Фото: instagram.com/dtp.aktau/

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындар қараусыз қалған бункерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындар қараусыз қалған бункерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Екі еңіс кіреберісі мен желдеткіші бар ескі қорғаныс құрылысы ашық далада орналасқан.

Фото: instagram.com/dtp.aktau/

"Куәгерлердің айтуынша, қабырғалардағы күйе іздеріне қарағанда, ішінде бір кезде өрт болғанға ұқсайды. Ерекше таңданыс тудырғаны – бүтін сақталған есіктер мен соққыға төзімді элементтер – бұл мұқият ойластырылған әскери инженерияның дәлелі", - деп жазады басылым.

Фото: instagram.com/dtp.aktau/

Маңғыстау облыстық ТЖД бұл нысанға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілердегі жазбада көрсетілген құрылыс – азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылысы болып табылмайды. Айта кету керек, 2020 жылға дейін бұл нысан қорғаныс құрылысы ретінде есепте тұрған. Алайда 2020 жылы оның негізгі құрылымдық элементтеріне тексеру жүргізіліп, техникалық жағдайына баға берілді. Нәтижесінде құрылыстың негізгі құрылымдарының айтарлықтай физикалық тозуы анықталып, апаттық жағдайда екені және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анықталды. Сондықтан оны әрі қарай пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені айтылды", – деді құтқарушылар.

Бұл ретте нысанға қатысты қалған ақпарат құпия саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети