Маңғыстау облысында Бейнеудегі карьерде жүк көлігі аударылған. Оқиға Бейнеу қаласындағы тас карьерінде болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 наурызда болды. Видеода аударғыш жүк машинасының төменге құлағаны түсірілген.
"Рәббім-Құрылыс" ЖШС тас карьерінде болған. Карерьердің иесі - Борашов Рәббім Байбозұлы, тас карьерінде жүк көлігі қалдық топырақ төгу барысында белгіленген жерде артқа кетіп, төмен қарай құлдилаған. 1983 жылғы жүргізуші Дурдиев Нұрлан - Қазақстан Республикасының азаматы, дені сау, аман, техникаға жеңіл зақым келген", - делінген хабарламада.