15 қыркүйек 2020 08:25

Маңғыстауда киіз үйдегі отырыс: шенеунік жауапқа тартылды

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тараған отырыс кезіндегі видеодан кейін Маңғыстау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде тараған отырыс кезіндегі видеодан кейін Маңғыстау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Yedilov online Telegram каналында пайда болды. Пост  авторы хабарлағандай, Марина Әлбекова туған күнін атап өткен.

Реклама
Реклама

Әкімдік баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, отырыс 13 қыркүйекте Марина Әлбекова басқаратын ведомство қызметкерлерінің "қалауымен" ұйымдастырылған.

""25 адамнан құралған ұжым Маңғыстау ауданының территориясына көрікті жерлерді аралау мақсатында демалыс күні шыққан", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео негізінде Марина Әлбековаға 41 670 теңге (15 АЕК) айыппұл салынғаны хабарланды. Ол облыста тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығына байланысты заңнама талаптарын бұзған. 

Маңғыстау облысы әкімі Марина Әлбековаға сөгіс жариялады.

Еске салайық, 14 қыркүйекте Маңғыстау облысында карантин кезінде отырыс өткізгендердің видеосы тарады. Автордың айтуынша, видеоға Маңғыстаудың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова түсіп қалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram