20 ақпан 2019 16:31

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясының қамқорлығымен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру басталады. Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясының қамқорлығымен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру басталады. Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Бірінші - биыл 2-ші тоқсанынан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. 

Екінші - мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін 200 грант беріледі.

Үшінші - Қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2-ші, 3-ші оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2-ші оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Төртінші - Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек баламената-анасының біреуінің ілесіп жүруін қосқанда екі жаққа да авиакөлікпен жол жүру құнын Астана және Алматы қалаларына төлеу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, республикалық клиникаларда және облыс орталықтарында Денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек алу кезінде аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына темір жол көлігімен жол жүру шығындары өтелетін болады. Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарына ата-анасының бірінің ілесіп барып-келуін әуе көлігімен жол жүру құнының 40 МРП-дан аспайтын мөлшерін (шамамен 100 мың теңге) төлеуге шешім қабылданды.

Бесінші - қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады.

Алтыншы - маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Ақтау қаласының қоғамдық көлігінде және "Ақтау - Мұнайлы ауданы" бағыты бойынша ауданаралық көлік қатынасында, тамыздан бастап Жаңаөзен қаласының қоғамдық көліктерінде көп балалы аналар тегін жүреді.

Жетінші - жәрдемақы алуға, тұрғын үй төлемдерін алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге заңгерлік және консультациялық көмек көрсету үшін наурыз айынан бастап, "Бірыңғай әлеуметтік терезе" орталығы жұмыс істейтін болады. Биыл тамыздан бастап Жаңаөзен қалаішілік қоғамдық көліктерде; 2020 жылдан бастап - Маңғыстау және Бейнеу ауданішілік қоғамдық көліктерде.

Бүгінгі таңда өңірде 28 миллиард теңге сомасында халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдаудың 20 түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 867 аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан басқа, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға зейнетақы 7 пайызға өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети