Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді Бесшоқы ауылындағы аурухана. Жергілікті тұрғынның суреті / lada. kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінің оқушылары мен қызметкерлерінің жаппай улануына қатысты төтенше жағдай:

Бұл жерге Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 10 негізгі және 2 қосымша бригадасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының 4-санатты шақыруларына қызмет көрсетудің 5 бригадасы жіберілді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары тартылды. Балалардың денсаулығына қатысты жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр", - делінген басылымда.

Бұған дейін, Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған. Қазіргі уақытта іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінді.

Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Оның сөзінше, арнайы көлік тек бір науқасты тасымалдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети