Маңғыстауда оқушылардың улану оқиғасы: жұмысшылар жалған құжат жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда оқушылардың улану оқиғасы: жұмысшылар жалған құжат жасаған Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында балалар жаппай тамақтан улануына қатысты мектеп асханасының қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысында балалар жаппай тамақтан улануына қатысты мектеп асханасының қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, асхана қызметкерлері жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектебінің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.

"Бұл жағдай мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеріс кезінде анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Мұнайлы ауданы сотының үкімімен мектеп асханасының 4 жұмысшысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Еске салайық, 2024 жылы қыркүйекте Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды. Оқиға №8 мектепте болған. Кейінірек денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында оқушылар жаппай улануына қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
@tapeWidget()

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети