Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары матрастың орнына тақтайға жатуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары матрастың орнына тақтайға жатуға мәжбүр © Lada.kz

Маңғыстау облыстық ауруханасы жанындағы паллиативтік, онкологиялық және химиотерапиялық бөлімнің жағдайына науқастар шағым айтты. Науқастар тақтай кесектерінің үстіне жатып ем алуға мәжбүр, - деп хабарлайды Lada.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облыстық ауруханасы жанындағы паллиативтік, онкологиялық және химиотерапиялық бөлімнің жағдайына науқастар шағым айтты. Науқастар тақтай кесектерінің үстіне жатып ем алуға мәжбүр, - деп хабарлайды Lada.kz

Пациенттердің бірінің айтуынша, кереуеттің барлығы дерлік матраспен жабдықталмаған.

"Кереуеттердің барлығы демесем де, көбінің жағдайы нашар. Мен олардың қатты екеніне үйреніп кеткенмін, бірақ бүгін біреуіне отырып едім, құлап кеттім. Екі тақтай екі жаққа кетті. Көрші төсектегі әйелдің де кереуеті сондай. Әділдік үшін айта кеткен жөн, палаталар таза, жөндеу жұмыстары жақсы істелген, қызметкерлер де керемет, бірақ кереуеттер сұмдық", - дейді ол. 

Аурухана қызметкерлері проблеманы жоққа шығармады.

"Иә, шынында да, мұндай кереуеттер тұратын палата бар, бірақ біз оны өте сирек пайдаланамыз, тек емделушілер көп болған жағдайда. Палаталарда матрасы бар стандарт кереуеттер тұр. Қазір жаңа төсек алғанымыз орынсыз болады, өйткені жақында басқа ғимаратқа көшеміз. Онда төсек жеткілікті бөлінді, - деп хабарлады Маңғыстау онкодиспансерінің химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Салтанат Маштакова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети