04 шілде 2020 | 17:45

Маңғыстауда тұрғындар жаңа жолды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Маңғыстау облысының тұрғындары жолдағы жаңа асфальтты сынға алды, - деп хабарлайды Lada.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының тұрғындары жолдағы жаңа асфальтты сынға алды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында жаңа жол салынған. Тұрғындар оның сапасын сынап тастады. Видеодан жол төсемін қолмен алып тастауға болатыны көрсетілген. 

Желіде жол құрылысшыларының "сапасыз жұмысы" туралы бірнеше ролик жарияланған. 

Облыстық әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді. 

Облыстық атқарушы органның мәліметінше, 10 сәуірде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері, сонымен қатар Мұнайлы ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстарына байқау жариялаған. 22 сәуірде жеңімпаз анықталды - "Амиран" ЖШС. Жөндеуді қажет ететін жолдың жалпы ұзындығы екі шақырым болған.

"Асфальт жолдың жоғарғы қабатын төсеу үшін зертханалық зерттеулер келесі аптада жасалады. Асфальт сапасының мердігердің барлық талаптарына сәйкес екенін талдау нәтижелері шықпайынша, қалған қаражат аударылмайды, жол қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерде бейнероликте көрсетілген асфальттың қалыңдығына қатысты Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен тұрғындар арасында кездесу ұйымдастырылып, мердігер мекеме басшылығына кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар берілді. Жөнделген жол төсемінің қалыңдығы және жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген басқа да талаптар сапа стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда жол пайдалануға берілмейді", - деп түсіндірді облыс әкімдігіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети