26 мамыр 2024 | 09:22

Маңғыстаудағы жаппай төбелестен кейін түлектер мен олардың ата-аналары бейнеүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр видеодан кадр

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы түлектердің ата-аналары Боранқұл ауылында 25 мамыр күні болған соңғы қоңыраудан кейін болған жаппай төбелеске қатысты бірнеше бейнеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы түлектердің ата-аналары Боранқұл ауылында 25 мамыр күні болған соңғы қоңыраудан кейін болған жаппай төбелеске қатысты бірнеше бейнеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналар балаларының әрекеттері үшін Қазақстан тұрғындарынан кешірім сұрады. Түлектердің әкелері мен аналары төбелес нәтижесінде ешкім дене жарақатын алмағанын айтты. Олардың айтуынша, мұғалімдер, мектеп директоры және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ешқандай шағым жоқ.

Түлектердің өздері де кешірім сұрады. Олар төбелестің себебі қандай да бір "келіспеушілік" болғанын айтты. Сондай-ақ олар ата-аналардан, мектеп басшылығынан және мұғалімдерден кешірім сұрады.

Еске салайық, 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында жаппай төбелес болды. Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда бірнеше ондаған жастардың төбелесіп жатқанын көруге болады.

Аймақ полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Полицияға 47 кәмелетке толмаған бала жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети