Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жем-шөп аз болу себебінен жылқының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жем-шөп аз болу себебінен жылқының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министріне Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалу мәселесі туралы сұрақ қойылды. "Аудандық әкімдіктер тарапынан немқұрайлық болды ма? Қарызға жем беру мәселесін ертерек қарастыруға болмас па еді?" - деді ОКҚ брифингінде БАҚ өкілдері.

"Иә, менің ойымша, бұл аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жерлердегі жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, Үкімет тарапынан бұл көмекті ертерек көрсететін едік", - деді Сапархан Омаров.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети