20 қазан 2018 | 13:27

Маңғыстауға Иран делегациясы келді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкім Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатқан Иран Ислам Республикасы Гүлстан провинциясының губернаторы Манаф Хашеми бастаған ирандық делегецияны қабылдады. Делегация құрамында мемлекеттік орган басшылары, туризм, медицина, сауда-өнеркәсіп палатасының қызметкерлері де бар.


Иконка комментария блок соц сети

Әкім Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатқан Иран Ислам Республикасы Гүлстан провинциясының губернаторы Манаф Хашеми бастаған ирандық делегецияны қабылдады. Делегация құрамында мемлекеттік орган басшылары, туризм, медицина, сауда-өнеркәсіп палатасының қызметкерлері де бар.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы жалпы тауарайналымы 27,2 миллион АҚШ долларына, оның ішінде экспорт - 4 миллион, импорт - 23,2 миллион долларға жетті. Маңғыстау өңірі Иранға: 4 миллион доллар көлемінде астық пен жармалар, темекі бұйымдары, құрылыс материалдары, болат және басқа да тауарларды экспорттайды. Ираннан Маңғыстау облысына: көкөністер, жеміс-жидектер, ағаштар, спорттық құрал-саймандар, жиһаздар және басқа да тауарлар импортталады.

Ирандық делегация Ақшұқыр ауылындағы балық зауытында болып, құрықпортын аралап, стратегиялық маңызы зор нысанның мүмкіндігімен танысты. Құрық порты - еліміз үшін ғана емес, көптеген ел үшін де транскаспий халықаралық дәлізінің және көлік-логистикалық жүйесінің ең негізгі нүктесі.

"Елбасы экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар тарту міндетін тікелей жүктеді. Арнайы экономикалық аймақтар экономиканы әртараптандырудың тиімді және пәрменді құралы. Бүгінгі "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында 500 миллион АҚШ доллар сомасында 27 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Біздің өңірдің климаттық жағдайы, электр энергиясының қосымша ресурсы үшін күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Сондықтан баламалы энергия көздерін дамыту маңызды сектор. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салу үшін, атап айтқанда жылыжай шаруашылықтарын дамытуда мол мүмкіндіктер бар. Маңғыстау өңірінің географиялық жағынан қолайлы орналасуы, бай тарихи мұрасы, көрікті жерлері, теңіз айдыны, ұзақ жағажай маусымы - туристік ағынды молайтып екі ел туризмінің дамуына мүмкіндік мол", - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы мен Гулстан провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында бизнес-форум өтті. Онда Маңғыстау облысының әкімдігі мен Гүлстан провинциясы арасында, сондай-ақ "Атамекен" Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Гүлстан облысының Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.

Шара барысында екі елдің кәсіпкер өкілі және басқа да мекеме мамандары келіссөз жүргізді. Теміржол, әуе және автокөлік қатынастары бойынша өзара іс-қимылдарды жолға қою, Маңғыстау мен Гүлстанда өзара сауда үйлерін ашу, Инчебұрын теміржол бекеті аумағында элеватор салу, Инчебұрын азат экономикалық аймағын ашу, сондай-ақ Гүлстанға астықты уақытша кіргізіп өңдеп, үшінші елге сату, дәнді дақылдар, соның ішінде күріш егу мәселелері қаралып, білім, медицина және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, егін, мал және құс шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, инженерлік-техникалық қызметтер, құрылыс өнеркәсібі, бидай, өсімдік майларын өндіру-сату, техника, ағаш өнеркәсібі, буып-түю өнеркәсібі, кен, фармацевтика, химиялық заттар, табиғат туризмі мен емдік туризм саласы талқыланды", - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети