Маңғыстаулық волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсіміне онлайн қатысып, биыл атқарылған волонтерлік жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстаулық волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсіміне онлайн қатысып, биыл атқарылған волонтерлік жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева маңғыстаулық Садуақасов Айсағалиді "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының "Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша марапаттап, өңір басшысы арнайы сыйлықты табыстады.
Еліміздің елордасында бастау алған шара Маңғыстау облысындағы волонтерлік және қайырымдылық топ мүшелерін, волонтерлерді ынталандыру мақсатындағы өңір волонтерлеріне арналған "Маңғыстау волонтерлері, birgemiz!" атты салтанатты шарамен жалғасты.
Өңір басшысы Трұмовтың қатысуымен өткен жиында өңір волонтерлерінің қызметі мен жетістіктері баяндалды.
Өңірдегі волонтерлық топтар мен қайырымдылық ұйымдар облыс тұрғындарына коронавирустан қорғану, төтенше жағдай режиміндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, каратинде қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс атқарды.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жануарларды қорғау, экология, төтенше жағдай, құқық қорғау саласындағы волонтерлікті дамытуға үлес қосқан өңір волонтерлері "Халық алғысы" медалімен марапатталды.
Жиын барысында өңірдегі волонтерлік қызметтің дамуына үлес қосып, игі істе азаматардың басын біріктірген волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдары арнайы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, қауіпті індетпен күресте алдыңғы шептен көрінген, ерекше көзге түскен волонтерлер Volunteer Corps Awards премиясының "Жыл белсендісі" атанды.
Өңір басшысы волонтерлерге өз ризашылығын жеткізіп, волонтерлік жобалар мен волонтерлерге қолдау көрсету жалғасатындығын жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!