ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2022 | 11:25
Маңғыстаулық түлектер түскен жол апаты: көлікті оқушының әкесі берген
Маңғыстау облысының көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен түлектердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысының көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен түлектердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ауруханаға жеткізілген түлектердің бірінің жамбас сүйегі жарақаттанған, ауыр жағдайда жатыр. Жол апатынан зардап шеккен екінші түлек реанимацияға ауыстырылды. Оның миына қан кеткен, жағдайы өте ауыр, науқастың өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.
Оқушылар соңғы қоңырауды атап өткен. Жүргізуші де мектеп түлегі болып шықты, олар көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады. Зардап шеккен барлық түлекке медициналық көмек қажет болды. Екі оқушыны санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізуге тура келді.
"Баланың жағдайы өте ауыр, оның өкпесін жасанды желдету аппаратына қостық. Қыздың жағдайы да ауыр, ол травматология бөлімінде, операцияға дайындап жатырмыз. Біз қазір қандай да бір болжам жасай алмай отырмыз", - деді Маңғыстау облысындағы көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Тарбахова.
Полицейлердің мәліметінше, мектеп оқушылары мас болмаған. Ал көлік кілтін жүргізушіге әкесінің өзі берген.
Еске салайық, 25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также