28 қыркүйек 2021 | 12:29

"Маңғыстаумұнайгаз" департаментінің экс-директоры мен оның орынбасары сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Маңғыстаумұнайгаз" департаментінің бұрынғы директоры мен орынбасары 500 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржылық бақылау агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Маңғыстаумұнайгаз" департаментінің бұрынғы директоры мен орынбасары 500 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржылық бақылау агенттігіне сілтеме жасап.

"Маңғыстау облысы бойынша АФМ аумақтық департаменті 2017-2018 жылдары "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және оның орынбасары Д.Л. және А. Ю. жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсетудің жалған шарттарын жасағандығын анықтады", - деп хабарлады агенттікте.

Бұл ретте компанияның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және қалпына келтіруді қажет етпеді. Құжаттардың көшірмелері тегін беріледі.

"Осылайша, "Маңғыстаумұнайгаздың" шоттарынан Д.Л. есімді азаматқа 455 миллионнан астам теңге негізсіз аударылған. Көрсетілген қызметтер үшін Д.Л. мен А.Ю. 10 миллион теңгеден алған", - деп түсіндірді агенттік.

Белгілі болғандай, қылмыскерлер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Компания қызметкерлері 2020 жылдың тамызында ұсталды.

Компанияның сайтында көрсетілгендей, "Маңғыстаумұнайгаз" - Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі, өңірдегі өндірістің 31 пайыздан астамын, ал республикада 8 пайызын қамтамасыз етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети