Маңғыстау облысында мектепке бармаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында мектепке бармаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды © Kluchimasterstva.ru

Маңғыстау облысында тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы балалары себепсіз сабаққа бармағаны үшін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот отырысында Б-ның баласы, кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы К. 2015 жылдың 9 қырқүйегінен 22 қырқүйек аралығында сабаққа себепсіз бармағаны анықталды. Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен ("Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы") кәмелетке толмаған К-нің әкесі Б-ны кінәлі деп танып, Б-ға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13 874 теңге айыппұл жазасын тағайындады", деп жазылған хабарламада. Қаулы заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети