Маңғыстау облысында оныншы баласына жүкті әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында оныншы баласына жүкті әйел қайтыс болды © РИА Новости

Маңғыстау облысында оныншы баласына жүкті әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында оныншы баласына жүкті әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 сәуір күні Маңғыстау облысындағы перинаталдық орталықта болған. Қырық жастағы әйелдің төрт баласы бар. Ал мынау оның оныншы рет жүкті болуы. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Руслан Бектүбаевтің айтуынша, әйелдің бүйректерінің бірі мүлде жұмыс істемеген. Оның жүктіліктің есебіне 30-шы аптада тұруы жағдайды ушықтырып жіберіпті. Сонымен қатар, ол тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп, тексерілуге уақытында келмеген.

"Есепке тұруға 30-шы аптада келді. Оныншы жүктілігі, балаларын асыраумен айналысып жүруінен ол денсаулығына көңіл бөлмеген. Медициналық қызметкерлер де оған шара қолдана алмады, себебі тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп жүретін. Перинаталдық орталықта болған уақытында оған барлық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, біз оны құтқарып қала алмадық", - деді Руслан Бектүбаев.

Осы дерек бойынша қазір Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясы, облыстық басқарма қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. 

Әйел бес бала туған. Дегенмен тұңғышы шетінеп кетеді. 40 жастағы әйелдің артында қазір төрт баласы қалды: 19, 15, 9 және 3 жаста. Дәрігердің айтуынша, әйел бес рет бала босанып, төрт рет түсік тастаған.

Әйел Өзбекстанда күйеуі қайтыс болғаннан кейін 2009 жылы Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында көшіп келген екен. Осында келіп ол басқа адамға тұрмысқа шығып, ер бала босанады. Қазіргі уақытта үлкен үш баласы әкесінің Жаңа-Дәулет ауылындағы туыстарының үйінде. Ал кіші ұлы өз әкесімен бірге Атамекен ауылында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети