Маңғыстау облысының әкімі орынбасарының қамауға алынғаны жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі орынбасарының қамауға алынғаны жайлы пікір білдірді Серік Аманғалиев, Ералы Тоғжанов. © Tengrinews.kz фотоколлажы

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтауда Ералы Тоғжанов азаматтық сектор өкілдерімен кездесті. Әкімдік осы кездесуді Facebook желісі арқылы трансляциялады. Саясаттанушы, GR Consulting Group басқарушы директоры Ербол Еділов өңір басшысына Серік Аманғалиевтың ұсталуы жайлы сұрақ қойды. 

"Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Облыстық аппарат қызметкері, функционалды қызметтердің атқарған қызметкер ретінде оған наразылығым жоқ. Барлық экономикалық көрсеткіштерді көтердік, 100 пайызға жеткіздік. Ал оның ісіне қатысты айтар болсақ, бұл енді құқық қорғау органдарына қойылуы керек сұрақ. Осы істе нақты шешімді сот шығарады", - деді Тоғжанов. 

Еске салайық, 5 қарашада Аманғалиев сот санкциясымен екі айға қамалды. Оған сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылды және  ұсталған кезде одан 115 мың еуро көлемінде қаражат тәркіленген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети