Маңғыстауда полицей жаяу жүргіншіге жол бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда полицей жаяу жүргіншіге жол бермеді фото © Владимир Дмитриев

Маңғыстауда полиция қызметкері жаяу жүргіншіге жол бермеді, - деп хабарлайды "Лада". Осыған байланысты полиция қызметкерінің атына хаттама толтырылды. Енді оған әкімшілік айыппұл салынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда полиция қызметкері жаяу жүргіншіге жол бермеді, - деп хабарлайды "Лада". Осыған байланысты полиция қызметкерінің атына хаттама толтырылды. Енді оған әкімшілік айыппұл салынады.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әлия Шермағанбетованың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта осы іске қатысты ішкі тергеу жұмыстары жүргізіліп, полицейді жауапкершілікке тарту үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Ғаламторға орналастырылған бейнежазбадан полиция қызметкерінің Lada Priora көлігінің нөмірі анықталып, оның кім екені де мәлім болды. 

Облыстық  Ішкі істер департаментінің мәліметінше, полицей Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімінде қызмет істейді.
 "Заң барлығына бірдей. Бұл - әкімшілік жауапкершілік. Сондықтан полиция қызметкері Қазақстан Республикасының Заңы бойынша жазаға тартылады. Біз мұны қосымша тағы да хабарлаймыз", - деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети