19 сәуір 2023 13:33

Маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір маңызды инвестициялық жобаға прокурор тағайындау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір маңызды инвестициялық жобаға прокурор тағайындау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте айтты.

"Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.

Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети