"Маңызды мәселе". Тоқаев Балқаштың таяздануы мәселесін шешуге шақырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Маңызды мәселе". Тоқаев Балқаштың таяздануы мәселесін шешуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында Балқаштың тайыздану мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында Балқаштың тайыздану мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, су қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік ластануға, рұқсат етілмеген табиғи полигондарға байланысты аймақтың экологиялық проблемалары алаңдаушылық туғызады.

"Уәкілетті органдарға осы мәселелерді шешуді тапсырамын. Осыған байланысты Текелідегі тау-кен байыту комбинатын экологиялық нормаларды сақтай отырып, тезірек іске қосу қажеттілігі туындап отыр.

Балқаш көлінің тайыздану мәселесін шешу облыстың ғана емес, бүкіл еліміздің басты міндеті. Бұл көп күш жұмсауды қажет ететін өте күрделі процесс. Барлық жоспарланған жұмыстар мамандандырылған ғылыми ұйымдарды тарта отырып, сапалы орындалуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Балқаш жағалауын көгалдандырудың маңыздылығына да тоқталды.

"Бұл топырақ эрозиясын азайтып, жердің шөлейттенуін болдырмайды. Үйлестіруді Экология министрлігі жүзеге асыруы керек. Біз жағалау сызығын неғұрлым ұтымды дамытуға көшіп, сыртқы факторлардың теріс әсерін барынша азайтуымыз керек. Уәкілетті органдар Қытаймен келіссөздерді жалғастыруы керек. Трансшекаралық Іле өзенін сумен қамтамасыз етуді қадағалаңыздар, біз Балқаштың тайыздануына жол бермеу үшін өзімізге байланысты барлығын жасайық", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети