ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2019 | 09:16
Мәнізоров өз үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтты
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы ол Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы ол Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, бірінші қылмыстық іс бойынша, Ыбыраев пен Баймаханов есімді кәсіпкерлер Бағдат Мәнізоровқа параны жер телімі ретінде бергендерін айтып арызданған. Ол кезде Мәнізоров Алматыда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарған. Алайда шенеуніктің өзі мұның қып-қызыл жала екенін айтып отыр.
"Мен бұл адамдарды өмірімде екі-ақ рет көргем. Олар мүлдем бейтаныс адамдар, менің қызымның сыныптастары. Қызым былтыр олардан жер телімін сатып алған. Жердің қайда екенін де білмеймін", - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары.
Екінші қылмыстық іс те Мәнізоровтың осынау басқармадағы қызметімен байланысты екен.
"Бұл іс те қолдан әзірленген. Бір тұрғын арыз жазып, оның көршісіне менің заңсыз көмектескенімді айтыпты. Көршісі құрылыс нормаларын бұзған көрінеді, мен ешқандай шара қолданбаппын. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 361 және 370-баптары бойынша үстімнен қылмыстық іс қозғауын сұраған. Тергеуде бұл дәлелін таппады. Өйткені, біз 3 жылдан бері жеке секторды тексермейміз. Ал, оған дейін біздің басқарма сол көршісіне қатысты сотқа шағым түсіріп, оны екі рет айыппұлмен жазалаған. Мұны да көрсеттім. Мен ешкімге "қамқорлық" жасамадым", - деді Бағдат Мәнізоров.
Ал үшінші қылмыстық іс бюджет қаражатын жымқырды деген себеппен қозғалған.
"1999 жылы Көксу ауданында мен әкім орынбасары қызметін атқарғам. Сол кезде бюджеттен 30 миллион теңге ұрладың деп айыптады. Міне, тіпті осындай да арыз түсті менің үстімнен. Содан кейін Көксу ауданында мен ГЭС құрылтайшысы болдым, марқұм Жанайдар Егімбаев та құрылтайшы болды. Сол екеуміз 30 миллион теңгені бірге жымқырыппыз. Бұл қолдан жасалған іс. Мұндай қылмысқа менің еш қатысым жоқ", - дейді ол.
Бағдат Мәнізоров бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтады. Қазір ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын дейді әкімнің орынбасары.
"Әзірше нақты кім тапсырыс бергенін білмеймін. Бірақ, қасақана жасалғаны анық. Қазір олардың кім екенін анықтап жатырмыз", - деді Мәнізоров.
Ол сондай-ақ, "Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орнына әрекет етіп жүр" деген сыбысқа да жауап берді.
"Бұл жай ғана өсек, сыбыс. Басқа айтарым жоқ", - деп қысқа қайырды ол.
Шенеунктің айтуынша, қазір осы қылмыстық істерге қатысты шаралар әлі аяқталмаған. Аяқталғаннан кейін ол өзіне арыз жазғандарға қарсы арыз түсірмек.
"Іс әлі толық жабылған жоқ, бірақ жабылуға жақын қалды. Содан кейін заңгерлермен кеңесіп, маған жала жапқаны үшін сол арызданушылардың өздеріне қарсы арыз түсірем. Олардың екі-үшеуімен сөйлестім, қателескендерін айтып отыр. Менің ойымша тапсырыс болған. Естепріңізде болса, 1 апта-10 күндей маған қарсы ақпараттық шабуыл жүрді, жалған видеолар тарады, үйінде ақша толы, қыздары "хан сарайында" тұрады екен деп әсіресе, ресейлік сайттар ақпараттар жариялады. Оларды да сотқа бермекпін", - дейді Мәнізоров.
Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметке келмес бұрын дәулет жиғанын, жыл сайын декларация тапсырып отыратынын айтты.
"Мен 20 жылдан бері мемлекеттік қызметте жүрмін. Депутат та болдым. Бұл салаға босқа келген жоқпын. 1999 жылға дейін бизнеспен айналысып, жағдайымды жасап алғам. Кейін бизнесімді отбасыма тапсырдым. Кәсібімнің бірде-бірі мемлекеттік органдармен байланыспайды. Жыл сайын декларация тапсырып отырамын", - деп ақталды шенеунік.
Келіспейміз - Антикоррупция қызметі Мәнізоровқа қатысты істің тоқтатылуы туралы
Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат биыл қыркүйек айының соңында шықан болатын. 27 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бұл ақпаратты растады. Ал, қараша айының басында Бас прокуратура аталған қылмыстық істі тоқтатылғанын айтып, Мәнізоров жұмысына оралған.
Показать комментарии
Читайте также