Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды Мақсат Қиқымов

Алматыда Жетісу ауданының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жетісу ауданының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Мақсат Қиқымов 1986 жылы туылған. Экономика мен статистика Академиясы мен "Туран" университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары банк саласы мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

2012 - 2015 жылдары - Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары; 2015- 2017 жылдары - Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы; Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы;

2017 - 2018 жылдары - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы; 2018 - 2019 жылдары - Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы; 2019 жылдың ақпанынан Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Жетісу ауданы әкімдігінің қызметі аясындағы сұрақтар бойынша өтініштер аудан әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қабылданады. Мақсат Қиқымовтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети