Мақсат Үсенов блогерлердің үстінен шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов блогерлердің үстінен шағымданды Мақсат Үсеновтің арызы. ©Андрей Цуканов

Мақсат Үсенов арнайы қабылдағышта өзіне "айрықша жағдай" жасалғанын айтқан блогерлердің үстінен шағымданды деп хабарлайды Tengrinews.kz журналист Андрей Цукановқа сілтеме жасап. Facebook-тегі парақшасында Андрей Цуканов құқық қорғау органы қызметкерлерімен сөйлескен бейнежазбасын орналастырды. Полицейлер Цукановқа көрсеткен құжатта Үсеновтің өзі туралы жазған блогерлерге қатаң шара қолдануды сұрағаны көрсетілген. Тәртіп сақшылары Цукановтан өздерімен бірге жүріп, түсініктеме беруді өтінеді, блогер болса, олардан 20 ақпан күнгі сағат 16.00-де кездесуге шақыру қағазын жазып беруді сұрады. Ал тағы бір блогер Дмитрий Щелоковтың әлеуметтік желідегі мәліметіне қарағанда, оны, Ринат Қыбраевты және Нұрәли Айтеленовты Мақсат Үсеновтің арызы бойынша Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына алып кеткен. Блогерлердің бөлімшеге жеткізілгенін полициядағылар да растады. Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері Мақсат Үсеновке арнайы қабылдағышта өзгелермен тең жағдай қарастырылғанын айтқан болатын. Үсенов мұнда 4 ақпан күні келген, ол соттың шешімімен 45 тәулікке қамалған еді. Оның блогерлердің өзі туралы жазғанын қайдан білгені белгісіз. Үсеновке қамауда ерекше жағдай жасалғанын блогер Ринат Қыбраев хабарлаған еді. Қыбраевтың мәліметінше, Үсенов алты адамға арналған камерада жалғыз өзі жатыр және оған туыстары жиі келеді. Атышулы Мақсат Үсенов - 2013 жылдың 1 желтоқсанына қараған түні Алматыда алты адамды қағып кеткен жүргізуші. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Қозғалған қылмыстық іс тараптардың ымыраласуына байланысты тоқтатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети