Мақсұт Жұмаев Эверестегі үшінші базалық лагерьге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Жұмаев Эверестегі үшінші базалық лагерьге жетті © Мақсұт Жұмаев

Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев Жер бетінің ең биік нүктесі - Эверестке маршруты аясында Гималайдағы үшінші базалық лагерьге жетті. Еске салайык, Мақсұт Жұмаев Эверестке екінші рет көтерілуді жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Бірінші рет ол Джомолунгманы (Тибет тауындағы ең биік нүкте) 2007 жылы бағындырған еді. 

Үшінші лагерь 7400 метр биіктікте орналасқан, ал Эвересттің биіктігі - 8848 метр. 

"Оттегі деңгейінің төмен болуы және ауа тығыздығы төмен болуына байланысты физикалық жайсыздық болғанына қарамастан, екінші лагерьден үшіншіге көтерілу сәтті болды. Біз осы лагерьде болып, бірнеше күн сол жаққа бейімделеміз. Содан кейін ары қарай жолды жалғастырамыз", - деді альпинист. 

Эверест шыңына шығу кезінде жол бойында төрт лагерь орналасқан, онда альпинистер демалып, сол жақтың климатына бейімделеді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Мақсұт Жұмаев Эверестің солтүстік жағына қарай барған болатын. Енді ол оңтүстік бағытпен көтерілмекші.

"Осы екі бағытты тізімге алған әлемде шамамен 10 альпинист бар. Шыңның оңтүстік бөлігіне көтерілу әлдеқайда қиын және қауіпті. Басты қауіпті болатын жері - Кхумбу деп аталатын мұздық. Бұл әлемдегі ең қауіпті мұздық саналады. Сондай-ақ, осы жақта Лхоцзе деген аймақ бар - ол да өте қауіпті жер. Сондықтан болар шыңның оңтүстік бөлігінде альпинистре тоқтап, демала алатын лагерьлер саны аз", - дейді альпинист.  

  •  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети