Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды © Facebook

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегіледрің мәліметінше, аппараттық кеңес барысында әкімнің жаңа орынбасарын өңір басшысы Мәлік Мырзалин таныстырды.

"Облыс әкімінің биылғы 17 тамыздағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Марат Несіпқалиұлы Иғалиев Ақмола облысының индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар жөніндегі мәселер бойынша облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламамада.

Марат Иғалиев 1974 жылы 31 тамызда Гурьев облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында туған.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетін (1995) тарих және географиямұғалімі мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік басқару факультетін (1999) мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика институтының экономика факультетін (2002) экономист мамандығы бойынша; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетін (2006) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика саласындағы білім жетілдіру курстарынан (Малайзия, 2006; Голландия, 2007; Канада, 2008; Жапония, 2008) өткен.

Сондай-ақ ,ол 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Осы қызметке дейін Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Үйленген, 2 ұлы, 2 қызы бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети