29 қараша 2023 17:58

Марат Жыланбаевқа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/marat.zhilanbaev Фото: facebook.com/marat.zhilanbaev

Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

2023 жылғы 29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 258-бабы 2-бөлігі бойынша сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-бөлігі бойынша оның қызметіне қатысқаны үшін Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды.

Сот мәліметінше, сотталушы ҚР аумағында тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған.

Жыланбаев шетелде жасырынып жүрген "ҚДТ" штабының үйлестірушісімен алдын ала сөз байласып, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын біле тұра, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұйымдастырған.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен Жыланбаев Қылмыстық кодекстің 258-бабы 2-бөлігінде және 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сот Жыланбаевтың баласының барын және сотталушының бұрын-соңды сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети