24 мамыр 2022 | 21:56

Марат Орманов "ҚазТрансОйл" директорлар кеңесінің төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Орманов. Фото: kmtf.kz Марат Орманов. Фото: kmtf.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өкілі Марат Орманов "ҚазТрансОйл" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өкілі Марат Орманов "ҚазТрансОйл" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен "ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Данияр Берлібаевтің өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылып, Марат Орманов "ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ осы шешімге сәйкес Марат
Орманов "ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кімдер кіретіні атап өтілді, бұлар:

  • "ҚазМұнайГаз" өкілі Марат Орманов;
  • "ҚазМұнайГаз" өкілі Марлен Оразбеков;
  • "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры әрі басқарма төрағасы Талғат Құрманбаев;
  • тәуелсіз директор Винишиус Агостини;
  • тәуелсіз директор Альберто Мартинес;
  • тәуелсіз директор Адриан Фрейсине.

Орманов Марат Күшкенбайұлы 1971 жылы 6 қазанда дүниеге келген. Севастополь жоғары әскери-теңіз инженерлік училищесін "электр қондырғылары", "инженер-механик, шет тілін білетін ХЭҚ маманы" мамандықтары бойынша бітірген, ал "Қайнар" университетін "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жетекші маманы болып бастаған. Бірнеше жыл бойы акционерлік қоғамда қызметі ауысып, маркетинг бөлімінің мұнай-газ өнімдері тобының жетекші инженеріне дейін көтерілген.

Одан кейін "Қазтеңізкөлікфлот" ҰТКҚК" ЖШС-де компанияның Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болып жұмысқа орналасып, кейін ЖШС бас директоры лауазымына дейін көтерілген.

2020-дан 2022 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" АҚ тасымалдау және логистика департаментінің директоры қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети