Марат Сексембаев Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Сексембаев Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды Марат Сексембаев. Фото:gov.kz

Марат Сексембаев Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Сексембаев Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокурордың бұйрығымен Марат Исламханұлы Сексембаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Марат Сексембаев 43 жаста, Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды ​​облысының прокуратурасында бастаған.

Прокуратура, әділет, қаржы полициясы органдарында басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Осы жылдары Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы, Қарағанды ​​облысының прокуроры қызметтерін атқарған. 2021 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратның басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети