Марат Тәжин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Марат Тәжин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Марат Тәжин 24 наурызда мемлекеттік хатшы болып Бақытжан Сағынтаевтың орнына тағайындалған.
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол әлеуметтану ғылымдарының докторы. 1981 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұлыбританияның Лондон университетінде тағылымдамадан өткен.
1994-1995 жылдары ҚР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі болған.
1999-2001 жылдары Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған.
2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Сыртқы істер министрі (2007-2009) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2014-2017) болған.
Айта кету керек, Марат Тәжин мұның алдында мемлекеттік хатшы қызметінде болған (2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 21 қаңтарына дейін).