Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды ©Марат Абилов

Нұрсұлтан Назарбаев Марат Тәжинді Мемлекеттік хатшы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды" - делінген таратылған хабарламада. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару Президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовке жүктелді. Марат Тәжин әр жылдары Жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы міндетін атқарды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі болды. Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысы қызметін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети