Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды © turizmzko.kz

Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат кеңесі барысында Президент Әкімшілігіндегілермен келісілген жаңа орынбасарды таныстырды. Марат Тоқжанов енді әлеуметтік мәселелерге жетекшілік етеді.

Марат Тоқжанов 1965 жылы Теректі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ол 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі, 2010-2012 жылдары БҚО білім басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, 2013 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети