07 ақпан 2018 | 16:15

Мардымды зейнетақы алу үшін не істеу керек? Вице-министрдің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жас қазақстандықтарға қалай мардымды зейнетақы алуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жас қазақстандықтарға қалай мардымды зейнетақы алуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз 1 шілдеден бастап базалық төлемақыны беру тәртібін өзгертеміз. Осыған дейін барлығы бірдей базалық төлем - 15 274 теңге алады деп айтқан болатынбыз. Бірақ 1 шілдеден бастап 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап саналған еңбек өтілі ескерілетін болады", - деді Светлана Жақыпова министрлікте өткен баспасөз-конференциясы барысында.

Сондай-ақ, вице-министр, ведомстовның мемлекеттік корпорациямен бірге базалық зейнетақы төлемдерін есептеп қойғандарын айтты.

"(...) Бізде 2 миллион 140 мың зейнетақы алушы бар. Олар енді 28 284 теңге көлемінде базалық зейнетақы алатын болады. Бүгінгі зейнетақымен салыстырсақ, осыған дейін базалық зейнетақы 15 274 теңге болса, енді 28 284 теңге болады", - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, жас қазақстандықтарға осы күннен бастап-ақ қалай мардымды зейнетақы алуға болатынын ойлау керек.

"Сіз нарыққа 21 жасыңызда келсеңіз, жинақтық зейнетақы жүйесінде кем дегенде 33 жыл болуыңыз керек. Осы кезде сіз базалық деңгейдің көлеміндегі зейнетақыны аласыз", - деді Жақыпова. Мұнымен қоса, оның айтуынша, мардымды зейнетақы алуға жұмыс берушінің төлемақыны уақытында беріп жүргені көмек көрсетуі мүмкін.

"Бұл ең басты артықшылық. Кім көп жұмыс істесе, сол көп ақша алады", - деді Светлана Жақыпова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети