Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Мархабат Жайымбетов. Фото:gov.kz

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімі өкімімен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарға табыс тіледі.

"Мархабат Жайымбетұлы құрылыс, сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі салаларына жетекшілік етеді", - деп нақтылады өңір басшысы.

Әбдіқалықова оның осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесі облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен, үздіксіз энергетикамен, газбен қамтамасыз етуге және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи монополиялар субъектілерін реттеу, коммуналдық қызметтерге тарифтер белгілеу мәселелері бойынша қарқынды жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Мархабат Жайымбетов 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Ол - экономика және менеджмент бойынша PhD докторы.

2015-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

2019 жылдан 2021 жылға дейін - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети