11 қарашада Мароккоға ресми сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Сенаты делегациясы Мароккоға екіжақты ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет келіп отыр.
11 қарашада Мароккоға ресми сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Сенаты делегациясы Мароккоға екіжақты ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет келіп отыр.
Тоқаев Марокко Корольдігі парламенті кеңесшілер палатасының төрағасы Мухаммад Аш-Шейх Биядилламен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында спикер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Нұрлы жол" Жолдауындағы басымдықтар туралы хабардар етіп, бұл стратегиялық құжаттың қазіргі әлемдегі дағдарыс көріністері кезінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Тоқаев Қазақстанның Мароккомен Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Араб мемлекеттерінің лигасы, Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы аясында көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін де айтты.
Өзінің кезегінде Биядилла Марокконың әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб әлемі мен Африка құрылығындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен бірге, ол Марокко Президент Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған дана және сындарлы саясатын жоғары бағалайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапары аясында Марокко парламенті депутаттар палатасының төрағасы Рашид әл-Алямимен және Корольдік премьер-министрі Абдельиллах Бенкиранмен де кездесті. Бенкиранмен кездесуде Тоқаев Қазақстанның экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, дүние жүзіндегі қаржы нарығындағы ауыр жағдайға қарамастан еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асырып келе жатқанын атап өтті. Сенат төрағасы "Қазақстан экономиканың оң даму қарқыны тұрақты сақталған әлемдегі аз елдердің қатарында" екенін жеткізді.