01 ақпан 2021 19:20

"Мас депутат" видеосы: "Ақ жол" комиссиясы шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

"Ақ жол" партиялық комиссиясы "мас күйінде" болған Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса түсірілген видеоға қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақ жол" партиялық комиссиясы "мас күйінде" болған Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса түсірілген видеоға қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми сауалға жауап ретінде "Ақжол" партиясы видеоны зерттеп, қорытынды жасағанын хабарлады. 

"Партиялық комиссияның қорытындысына сәйкес, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса түсірілген бейнежазбада көрсетілген нұсқа расталмады", - деп жауап берді партия өкілдері.

Партия видео авторын жазалау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді ме, жоқ па - жауап бермеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актуальные новости КZ и Мира? (@novosti.kz_)

Еске салайық, "мас депутат" түсірілген видео 15 қаңтарда тараған. Бұған дейін "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев әріптесі түскен видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Ол Қазыбек Исаның мас емес, тек қатты шаршағанын айтқан еді.

Артынша, видео авторы өз әрекеті үшін кешірім сұраған. Ролик авторының сөзінше, ол "бұл видеоны қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети