18 шілдеде, сенбі күні Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің үш автомобилі жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды LifeNews. Оқиға Қазақстан елшілігінің маңындағы Чистопрудный желекжолында болды.
18 шілдеде, сенбі күні Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің үш автомобилі жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды LifeNews. Оқиға Қазақстан елшілігінің маңындағы Чистопрудный желекжолында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Skoda автомобилінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, BMW-мен соғысады, кейін дипломатиялық номері бар үш автомобильге соқтығысады. Екі Toyota және бір Honda маркалы автомобиль бүлінді.
"Skoda жүргізушісі мас адамға ұқсады", - деп хабарлады Мәскеу ЖҚҚМИ (Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы) дереккөзі телеарна тілшілеріне, - ол қазіргі уақытта медициналық куәландырудан өтіп жатыр". Куәгерлердің айтуынша, дипломатиялық ведомствоның маңында болған апаттың салдарынан трамвай жолдары жабылды.
Куәгерлердің бірі жолдаған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы осыған дейін блогерлер қазақстандық дипломаттардың көліктерін веложолға қойғанын әшкерелеген жерде болыпты. Қазақстан елшілігі әзірге ешқандай да пікір білдірген жоқ.