Мас күйде көлік айдаған 15 мыңнан астам адам жүргізуші құқығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас күйде көлік айдаған 15 мыңнан астам адам жүргізуші құқығынан айырылды ©vesti.kz

15 мыңнан астам қазақстандық көлікті мас күйде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 мыңнан астам қазақстандық көлікті мас күйде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

2014 жылдың жеті айы ішінде көлікті мас күйде жүргізген 20 008 адам ұсталды, олардың 15 658-і көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 4230 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта қалған материалдар сотта қаралып жатыр.

ҚР ІІМ-нің мәліметінше, 2014 жылы көлікті мас күйде жүргізудің салдарынан республика жолдарында 10 621 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл оқиғалардан 1295 адам қайтыс болып, 13 422 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғалары Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысында көп тіркелген, Алматыда - 3065 оқиға, ОҚО-да - 1694. Астанада жылдың басынан бері осындай себеппен 384 жол-көлік оқиғасы болған. Ең аз көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді - жеті айда 176 оқиға.

"2014 жылы жүргізушілердің кінәсінен 9 888 жол-көлік оқиғасы болды, бұл - барлық жол апаттарының 93%-ы. 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 9 771 дерек тіркелген", - дейді комитет өкілдері. Бұған дейін жол апаттарының негізгі себептері жылдамдықты асырып жүру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету және көлікті мас күйде айдау екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғаларының тағы бір негізгі себебі - жолдардың жағдайы.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 30 сәуірден бастап, жол қозғалысы саласындағы заңбұзушылықтарға қарастырылатын жаңа әкімшілік жауапкершілік шаралары күшіне енген болатын. Оған сәйкес, көлікті мас күйде жүргізуге немесе көлік құралын мас адамның басқаруына беруге көлік жүргізу құқығынан үш жылға айыру жазасы қолданылады. Белгіленген жылдамдықты асырған жүргізуші 10-нан 20 шақырымға дейін жүрсе - 10 АЕК, 20-дан 40 шақырымға дейін жүрсе - 15 АЕК, 40 шақырымнан көп жүрсе - 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети