31 мамыр 2024 | 22:20

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алу: Ақтауда дауға қалған шенеунік лауазымын сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/jarmoluk © pixabay.com/jarmoluk

Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы 2023 жылдың күзінде алкогольден мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталды, алайда ол әкімдікте жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы 2023 жылдың күзінде алкогольден мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталды, алайда ол әкімдікте жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2023 жылдың жазында Ақтауда болған, сол кезде шенеунік мас күйінде көлік жүргізген. Сотта ол кінәсін мойындады. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысымен ҚК 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін ("мас күйінде көлік құралын басқару") басқарма басшысы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.

Кейін шенеунік сот шешімімен келіспей апелляциялық шағым түсіріп, оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталғанын уәж етті. Ол сот шешімінің күшін жоюды және оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады. Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.

Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына тәртіптік жаза қолданылған.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 10-бабының 8-тармақшасына және 44-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаттары Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтамағаны үшін Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопановқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - деп түйіндеді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети