Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді бір рет заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді бір рет заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
Сенатта Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы қаралды. Депутат Нұрлан Бекназаров заң жобасында неліктен оң рульді көліктерді заңдастыру туралы норма енгізілмегенін сұрады.
"Президент 1 қыркүйектегі жолдауында 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік көліктерді біржолғы заңдастыруды жүргізу міндетін қойды. Мұндай көліктердің арасында оң рульді көліктер де бар. Қазіргі уақытта оң рульді көлік құралдарын пайдалануға заңнамалық тыйым салынды. Сонымен қатар, оларды ешкім рәсімдей алмайды. Қоғам тарапынан мұндай көліктерді заңдастыру бойынша сұраныс көп. Неліктен заң жобасы бұл мәселені шешпейді және "жол қозғалысы туралы" Заңға тиісті түзетулер енгізуді қарастырмайды"- деп сұрады сенатор.
Қайсар Сұлтанбаев заңға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.
"Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты көліктерді бір реттік заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Бұл мәселе қазірдің өзінде шешілді", - деп сендірді ол.
Сұлтанбаев қазір Қазақстанда осындай 20 мыңға жуық көлік бар екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!